Парламент халықаралық көрмелер туралы конвенцияны ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент халықаралық көрмелер туралы конвенцияны ратификациялады ©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Сенаты халықаралық көрмелер туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі палатаның жалпы отырысынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Сенаты халықаралық көрмелер туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі палатаның жалпы отырысынан.

"Конвенцияны ратификациялау көрме-жәрмеңке қызметінің негізгі аспектілерін реттеуге, сондай-ақ Астана қаласында EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге жағдай жасауға қызмет етеді", - делінген Сенаттың экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Сонымен бірге, конвенция көрмені ұйымдастырушыны анықтау тәртібін және тіркелген көрмелерді ұйымдастырушылар мен қатысушы елдердің міндеттемелерін белгілейді. Бұған қоса, құжат көрмелердің жіктелуін, мерзімділігін, ұзақтығын, сондай-ақ кедендік ережелерді де анықтайды. Аталған ережелер EXPO көрмелерінде көрсету немесе қолдану үшін әкелінетін тауарларға жеңілдіктер қарастырады.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети