Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Мәжіліске мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім әзірше қабылданбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Мәжіліске мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім әзірше қабылданбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, депутаттардың Мәжілісті таратып, сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасын Президент біледі. Осы мәселе бойынша шешім әзірше қабылданған жоқ, себебі мұны жете сараптау керек. Меніңшек, Нұрсұлтан Назарбаев, бірінші кезекте, оң мен теріс жақтарын өлшеп, қоғамның көңіл-күйін және елдегі жағдайды есепке алады. Сонымен қатар, Конституцияның талабы бойынша, Мемлекет басшысы Парламенттің екі палатасының да спикерлерімен және Премьер-министрмен кеңес өткізеді. Осыдан кейін ғана қорытынды шешімді білеміз", - делінген Дәурен Абаевтың ақпарат агенттіктерінен парламентке кезектен тыс сайлау өткізу туралы мәселе жайлы келіп түсіп жатқан сауалдарына берген жауабында.