Сенат ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың ратификациясын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың ратификациясын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.
Бұл келісімге 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД мемлекеттері үкіметтерінің басшыларымен қол қойылған болатын. Келісімнің қабылданған сәтінен бастап ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қалыптасты.
Осыған орай ТМД үкімет басшыларының Душанбе қаласында 2015 жылғы 30 қазанда өткен отырысында келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Атап айтсақ, келісімнің нормалары:
Біріншіден, ұлттық заңнамаға сәйкес азаматтардың тұрып жатқан жеріне қарамастан заттай жеңілдіктерді немесе ақшалай төлемдерді алуға теңдей құқығын;
Екіншіден, ТМД қатысушы мемлекеттерінің аумағына уақытша келген ардагерлерге берілетін кепілдіктер тізімін өзектендіру. Бұл орайда олар:
- уақытша келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес ауырған, келеңсіз жағдайда, жарақат алғанда, улану және адам өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда медициналық ұйымдарда тегін жедел медициналық көмек алуға;
- тұрмыстық, сауда-саттық, қоғамдық тамақтану орындарында, қоғамдық көлікте, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында, байланыс, мәдени-ағартушылық ұйымдарында уақытша келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес кезектен тыс қызмет алу құқығы қарастырылды.
Үшіншіден, Хаттамамен бұрынғы Украина (КСР), Беларусь (КСР), Литва, Латвия, Эстония аумақтарындағы 1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде заңсыз құрылымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдарды қосу арқылы Келісімнің аясы кеңейді.
Тиісті құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында осы санатқа жататын 29 адам бар. Олардың барлығы Ұлы Отан соғысы қатысушысы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады және тиісті әлеуметтік кепілдіктермен қолдануда.
Төртіншіден, бұрынғы Кеңес Одағының әскери қимылдарына қатысқан адамдардың санаттарын анықтау үшін бірдей әдістерді қолдану мақсатында Келісімді олардың қатысуымен ұрыс қимылдар жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің тізбесімен толықтыру ұсынылған.
Жалпы Хаттаманы ратификациялау келісімде қарастырылған азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктеріне деген құқығын одан әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.