"Партия құру міндеті жоқ". Депутат "Жаңа Қазақстан" тобы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Партия құру міндеті жоқ". Депутат "Жаңа Қазақстан" тобы туралы пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы Мәжілісте немен айналысатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы Мәжілісте немен айналысатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бөлек партия құру міндеті жоқ. Nur Otan-ды өзгерту керек, ол ауыл-ауылға дейін филиалы бар алып партия. Бұл үлкен күш, егер оған жаңа динамика берсе, жаңа адамдарды әкелсе және Тоқаев айтқандай, оны мемлекеттік аппараттан ажыратып, мемлекеттік аппаратты алмастырмайтынына көз жеткізсек, содан кейін ол басқа партия болады. Мен мұны партиялық сепаратизм немесе басқа нәрсе жасау әрекеті деп санамаймын. Бізде ондай мақсат жоқ", - деп пікір білдірді Сарым журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Депутаттың айтуынша, "Жаңа Қазақстан" тобының негізгі міндеті – Мәжілістің функциялары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Топ мүшелері атқарушы билікпен қарым-қатынаста Мәжілістің өкілеттігін күшейтуді көздеп отыр.

"Қазір кез келген депутат кез келген бастама көтере алады делік. Үкіметтен қолдау болмаса, ол автоматты түрде өтпейді. Бұл бапты өзгерту керек. Конституциялық заңда қандай да бір бастама теріс қорытынды алса, ол үкіметте қабылданбайды деген норма бар. Мұны өзгерту керек", - деп қосты Айдос Сарым.

Айта кетейік, Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалуын бақылайтын "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы құрылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети