Паспорт және жүргізуші куәлігі: 1 қаңтардан бастап құжаттарды рәсімдеу қанша тұрады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Паспорт және жүргізуші куәлігі: 1 қаңтардан бастап құжаттарды рәсімдеу қанша тұрады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу құны өседі. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге көтерілуі себеп. Бұл көрсеткіш Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу құны өседі. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге көтерілуі себеп. Бұл көрсеткіш Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ

2026 жылы жаңа АЕК-ке байланысты құжаттарды рәсімдеуге арналған мемлекеттік баж да қымбаттайды.

  • 16 жасқа дейінгі балаға арналған паспорт (24 бет) – 17 300 теңге (4 АЕК). 2025 жылы – 15 728 теңге.
  • Қарапайым паспорт (36 бет) – 34 600 теңге (8 АЕК). 2025 жылы – 31 456 теңге.
  • 48 беттік паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК). 2025 жылы – 47 184 теңге.
  • Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). 2025 жылы – 786 теңге.

Егер жеке куәлік бір жылда екі реттен артық жоғалса, 1 АЕК (4 325 теңге) төлеу қажет.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу 5 406 теңге (1,25 АЕК) болады.

Қаңтардан бастап некені тіркеу құны да өседі – куәліктің бағасы 4 325 теңге (1 АЕК) болады.

Ал егер ерлі-зайыпты ажырасуды шешсе, мемлекеттік баж 8 650 теңгеге (2 АЕК) дейін өседі. 2025 жылы – 7 864 теңге. Яғни некені рәсімдеуден екі есе қымбат.

Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін - ата-аналар оны ешқандай төлемсіз алады. Бірақ оны қайта рәсімдеу қажет болса (мысалы, жоғалған жағдайда), 0,5 АЕК 2 163 теңге төленеді.

Кімдер мемлекеттік баждан босатылады

Кейбір азаматтар құжаттарды тегін рәсімдей алады. Олар:

  • ел батырлары және жоғары мемлекеттік наградалары бар тұлғалар;
  • құрметті атағы бар көпбалалы аналар;
  • соғыс ардагерлері мен жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар;
  • мүмкіндігі шектеулі адамдар және мүгедек балалардың ата-аналары;
  • әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
  • жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар;
  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети