Пәтер, 5 көлік және мейрамхана: Қызылорда облысында қылмыстық жолмен табыс тапқандар әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәтер, 5 көлік және мейрамхана: Қызылорда облысында қылмыстық жолмен табыс тапқандар әшкере болды Фото:depositphotos.com

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 миллиард теңгеден асқан.

"Сонымен қатар, күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданған. Екі күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.1  course up  598.66  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети