Әлеуметтік желі "ВКонтакте" мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда Alem.ai жасанды интеллект зертханасы ашатылғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Дуров халықаралық Digital Bridge 2025 форумының пленарлық отырысында айтты.
"Бүгін осы ғимаратта мамандандырылған жасанды интеллект зертханасы Ale.ai-ды ашатынымызды мақтанышпен хабарлаймын. Бірінші жоба Telegram мен осы елдің Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан қазақстандық суперкомпьютер кластерінің ынтымақтастығы болмақ".
Ол болашақ желі үш негізгі қағидатқа сүйенетінін атап өтті:
- TON блокчейні қамтамасыз ететін ашықтық;
- смарт-келісімшарттар мен еркін нарық динамикасы есебінен қол жеткізілетін тиімділік;
- чип өндірісіндегі жаңа әзірлемелердің арқасында мүмкін болатын құпиялылық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!