Павел Дуров Қазақстанға шақырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павел Дуров Қазақстанға шақырылды Фото: .instagram.com/durov

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келуі мүмкін. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің брифингінде Мәдиевке Павел Дуров жақында Қырғызстанға барғаны айтылды. Министрден біздің елдің кәсіпкермен ынтымақтасу жоспары бар-жоғы сұралды.

"Иә, мен оның Ыстықкөлге барғанын білемін. Мен оның командасын жеке білемін. Павел Дуровпен әлі таныс емеспін, бірақ, негізінен, олар менің шақыруым, әріптестерімнің шақыруы оған жеткізілді деп сендірді. Алдағы уақытта ол Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Өз басым күш саламын, соған үміттенемін", - деп жауап берді Жаслан Мәдиев.

Шенеунік Қазақстан тарапының Павел Дуровпен талқылайтын нәрсесі бар екенін айтты. Мысалы, бірлескен зертханаларды іске қосу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети