Павлодар әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды Әнуар Күмпекеев. © akimat-pvl.gov.kz

Павлодар әкімдігінің өкілдері қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар әкімдігінің өкілдері қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қала басшысының жалақысы - 462 245 теңге. Осылайша оның бір жылғы орташа табысы 5 миллион 546 мың 940 теңгеге жетеді екен. Сондай-ақ, Павлодар әкімінің салықтың барлығын уақтылы төлейтіні айтылады. Әнуар Күмпекеев 1 жылда қазынаға 1 019 976 теңге төлейді.

"Қала әкімінің жалақысы ай сайынғы қажеттіліктеріне жетеді. Жалақысы жеткілікті", - делінген Павлодар әкімдігі өкілдерінің жауабында.

Мұның алдында Көкшетау әкімі Ермек Маржықпаевтың қанша жалақы алатыны айтылған еді. Редакцияның ресми сауалына берілген жауапта Көкшетау әкімінің ай сайынғы жалақысы 451 627 теңге екені жазылған болатын.

Кейінірек Қарағанды облысы әкімінің жалақысы айтылған еді. Ерлан Қошанов 967 мың 672 теңге жалақы алады екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети