Павлодар әкімі бақаларға шағымданған тұрғындарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар әкімі бақаларға шағымданған тұрғындарға жауап берді

Павлодардағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары бақалар түнімен ұйқы бермейтінін айтып, қаланың жаңа әкімі Асайын Байхановқа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары бақалар түнімен ұйқы бермейтінін айтып, қаланың жаңа әкімі Асайын Байхановқа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар су қоймасының жанында тұратынын, ол жерде бақа қаптағанын, олар түнде ұйықтауға мүмкіндік бермейтінін жазды.

"Бұл сұмдық! Біздің әдемі Ертісіміз батпаққа айналады! Түні бойы бақалар бақылдайды. Не істеуге болады?" - деп әкімге жүгінді тұрғындар.

Әкім павлодарлықтардың шағымын әзілмен қабылдады. Бірақ жауап бермес бұрын павлодарлықтардың пікірін сұраған. Асайын Байханов түрлі өтініш түсетінін, бірақ онымен не істейтінін және қалай жауап беру керегін білмейтінін атап өтті.

"Не деп жауап беруге болады деп ойлайсыздар? Шынында, оның үш-ақ нұсқасы бар: 1 "Біз Усолка бөгетіндегі бақаны жоямыз", 2 "Кешіріңіздер, біз ештеңе істей алмаймыз, бақалар экожүйе бөлігі, олар табиғатқа пайдалы", 3 - елемей, осындай мәселелер бойынша естімейтін әкімдікке айналамыз. Сіздің пікіріңіз қандай?", - деп жазды Байханов Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Тұрғындардың да пікірі екіұшты болған. 

Кейбір қолданушы әкімді осындай ұсақ-түйек сұрақтармен мазалаудың қажеті жоқ деген пікір білдірді, ал басқалары қалада бақасыз да проблема жеткілікті екенін жазды. Пікір білдіргендердің тағы бір бөлігі биыл бағбандар кінәсінен батпаққа айналған Усолка өзенінің ластану проблемасына көңіл аударуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети