15 наурыз 2017 | 16:22

Павлодар әкімі бұрынғы балабақша ғимаратында тұрып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар әкімі тұрып жатқан бұрынғы балабақша ғимаратында сегіз отбасы тұрып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің бұрынғы балабақша ғимаратында тұрып жатқанын растады. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар әкімі тұрып жатқан бұрынғы балабақша ғимаратында сегіз отбасы тұрып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің бұрынғы балабақша ғимаратында тұрып жатқанын растады. 

"Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов Павлодарда Ломов 50/1 мекен-жайында тұрады. Оның пәтері бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. Қазір ғимарат жекеменшікке берілген. Қала әкімінің баспанасымен қатар, мұнда басқа да пәтер иелері тұрады", - деп пікір білдірді Павлодар әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Айта кетейік, тұрғындар жергілікті "Стикс" мектебі жабылуы мүмкін деген әңгіме шыққанда қала басшысының тұрып жатқан орнына қатысты сұрақтары пайда болған. Себебі білім беру мекемесі бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан, балабақша өз кезегінде мемлекеттің меншігінде және мектепке дейінгі мекемеге беруге жатады. Ата-аналар мектептің жабылуының алдын алу үшін Павлодарда бұрынғы балабақша ғимараты болған, қазірде мақсатсыз қолданылып жатқан қанша ғимараттың бар екенін анықтап көрген. Сөйтсе, осындай ғимараттардың бірінде қала әкімінің пәтері бар болып шыққан.  

"Бір тәулік ішінде "Стикс" мектебінде балалары оқитын ата-аналар бұрынырақта балабақша болған 34 ғимаратты анықтаған. Олардың кейбірі қираған, ауласы тазалық ережелеріне сай келмейді, ғимараттардың басым бөлігі түрлі кеңселерге, сауда орындарына, шеберханаларға, баспаханаларға, медициналық орталықтарға, би клубтарына, жиһаз фабрикаларына тағы да сол сияқты нысандарға жалға берілген. Ата-аналар балаларға еш қатысы жоқ ғимараттар көп болса да, мектептің әлдекімдерге ұнамай қалғанына таңғалып отыр. Ол аз десеңіз, бұл ғимараттардың балабақша ережелеріне сәйкес келу-келмеуі мәселесін қарастырсақ, территориялары тіпті жарамсыз", - дейді қоғам белсендісі Жанна Бороздина. 

Ал өз кезегінде білім бөліміндегілер мектептің алдағы тағдыры жайлы шешімнің әлі қабылданбағанын айтып отыр. 

"Бұл балабақшаларға арналған типтік ғимарат болғандықтан, мұнда 320 орынға мектепке дейінгі мекеме салуға болады, сондықтан да осы мәселе көтеріліп отыр. "Стикс" жеке меншіктегі ғимарат емес, бұл мемлекеттік мектеп, онда 174 бала оқып жатыр, яғни із мұнда не 320 орынға арналған балабақша сала аламыз, не екі есе аз бала оқитын мектепті қалдырамыз. Бірақ нақты шешім жоқ", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Әкімдіктегілер қазіргі уақытта мемлекет меншігіндегі бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару мәселесінің қарастырылып жатқанын атап өтті. 

"Әзірше мемлекеттік мекемелер орналасқан балабақша ғимараттарын қайтару туралы мәселе көтеріліп отыр. Жекеменшікте орналасқан ғимараттарға бюджеттен қаражат бөлінуі керек. Бірақ мұндай ғимаратты сатып алғанша жаңа балабақша салған арзан. Сонымен қатар, жекеменшікте болған ғимараттардың құрылысы өзгеріске ұшыраған. Онда барлығы баспанаға айналған, Павлодар әкімі тұрып жатқан ғимаратта бірнеше отбасы бар. Әкім өз кезінде бұл пәтерді жекеменшік иесінен сатып алған", - деп атап өтті Салтанат Әкімбекова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети