Павлодар әкімі қызметтік пәтерді 50 миллион теңгеге алғаны үшін сөгіс алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz фотоколлажы. © akimat-pvl.gov.kz Tengrinews.kz фотоколлажы. © akimat-pvl.gov.kz

Павлодарда әкімдіктің 50 миллион теңгеге сатып алған пәтері басқа пәтерге ауыстырылып, ал бұл үй жетім балаларға берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс әкімі Болат Бақауов әкімдік жиналысында осындай тапсырма берді. Жиналыста бюджет шығыны мәселесі қаралды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда әкімдіктің 50 миллион теңгеге сатып алған пәтері басқа пәтерге ауыстырылып, ал бұл үй жетім балаларға берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс әкімі Болат Бақауов әкімдік жиналысында осындай тапсырма берді. Жиналыста бюджет шығыны мәселесі қаралды. 

"Жиналыста әкім Павлодар әкімінің қызметтік пәтер сатып алуына қатысты мәселені көтерді. Облыс әкімі ротациямен келген мемлекеттік қызметкерлер үшін пәтер алу керектігіне келіседі, алайда ол пәтердің осыншама сомаға алынғаны дұрыс емес. Мемлекеттік қызметкерлер халықпен етене араласуы үшін көпқабатты үйлерде тұру керек. Жиналыс кезінде Болат Бақауов сатып алынған пәтерді айырбастап, кезек бойынша жетім балаларға үйді беру туралы тапсырма берді", - деді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Байтенов. 

Оның айтуынша, Павлодар әкімдігінің қымбат пәтерді сатып алуы бюджетті талан-таражға түсірумен тең. "Бюджет қаражатын дұрыс жаратпағаны үшін қала әкімі Әнуар Күмпекеевке сөгіс жарияланды", - деді Байтенов.

Сонымен қатар, Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында қызметтік апартаменттерді жетімдерге арналған үйге ауыстырғаны туралы хабарлады. "Павлодарда Луначарский көшесінде орналасқан үйді алу мәселесіне қатысты, пәтердің әлі берілмегенін түсіндіргіміз келеді. Орналасу туралы ұсыныстар түскен жоқ. Павлодар қаласының әкімі Күмпекеев бұл пәтерде тұрмайды, пәтерге орналасу туралы сұраныс берілмеген", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

"Әлеуметтік желіде осы мәселе қызу талқылануына байланысты, осы мәселеге нүкте қоюды жөн көріп отырмыз. Луначарский көшесіндегі пәтерді 6 жаңа пәтерге ауыстырылдыү Екі екі бөлмелі, төрт бір бөлмелі пәтерлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беріледі", - деді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer