27 шілде 2022 | 11:59

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын бастайды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pnhz.kz Фото: pnhz.kz

Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) жөндеу жұмыстарынан кейін жұмысын қайта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) жөндеу жұмыстарынан кейін жұмысын қайта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ПМХЗ-да болып, кәсіпорын қызметімен, зауытты жоспарлы жөндеуден кейін іске қосуға дайындық барысымен, сондай-ақ, жұмыс барысымен, кәсіпорын және сервис (аутсорсинг) компаниялар қызметкерлерінің шарттарымен танысты. 

Жөндеу жұмыстары кезінде "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының талаптарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалған. Зауытта жұмыстың өндіріс циклін үздіксіз қамтамасыз ету үшін жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне техникалық куәландыру және сараптама жүргізілді. Сонымен қатар, технологиялық қондырғыларда жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстарына сәйкес, жабдықтарды тексеру, тазалау және ауыстыру іс-шаралары жүргізілген. 

Зауыт тоқтаусыз жөндеу кезеңінде өндіріс циклін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында техникалық және жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізді. Сондай-ақ, технологиялық қондырғыларда жоспарлы профилактика жөндеу жұмыстарын жүргіздік, соның ішінде, жабдықты қайта қарау, тазалау және ауыстыру жұмыстары бар.

Вице-премьер бір апта ішінде өнім шығару көлемі 1,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін ұлғайтылатынын айтты. Негізгі міндет - қалыпты жұмыс режиміне оралып, күзгі егіс жұмыстарына алдын ала дайындалу және энергия ресурстары бағасының өсуіне жол бермеу арқылы еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін қамтамасыз ету. Тоғжанов зауыттағы жөндеу жұмыстары кезінде жағармай бағасы бұрынғыдай екенін айтты. Жазда туристердің келуіне байланысты жағармай жеткізуде қиындықтар туындағанымен Үкімет және тиісті органдар бұл мәселелерді жедел түрде шешіп отырды. 

"Энергетика министрінің ІІ жартыжылдыққа арналған жанар-жағармай материалдарының бағасы бойынша бұйрығы бекітілді. АИ-92 бензинінің бағасы бұрынғыдай (литріне 182 теңге), Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын есепке алмағанда, мұнда логистиканың қымбаттауына байланысты бензиннің бір литрінің бағасы 187 теңге болды. АИ-95 маркалы бензиннің бағасы реттелмейді (бұрын 215 теңге болса, қазір де орташа баға сондай). Дизель отынының бағасы өңірлердің ерекшеліктеріне қарай өзгермейді, литріне 230-260 теңге. 28 шілдеден бастап ПМХЗ жөндеуден кейін өз жұмысын бастайды", - деді Тоғжанов.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде еңбек кірісіндегі теңгерімсіздікті жою және жұмыскердің жалақысын салалық орташа көрсеткіштен төмен емес деңгейде арттыру, халықты өнімді жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде бизнестің міндеттемелері белгіленген.

2022 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша "ПМХЗ" ЖШС 2 315 адам жұмыс істейтін 13 сервис (аутсорсинг) компаниямен 29 шарт жасасты. Осы мәселені реттеу мақсатында "ПМХЗ" ЖШС бұрын аутсорсингке шығарылған персоналдың жалақысын және әлеуметтік пакетін одан әрі арттыра отырып, сервис компанияларының қызмет құнын арттыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ, аутсорсинг қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша шарт сомасын ұлғайтуда қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленіп, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен келісімге келді.

Сонымен қатар, жалақыны арттыру "ПМХЗ" ЖШС қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жүргізіліп, жұмыскерлердің біліктілігіне, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасына, еңбек шарттарына қарай, сондай-ақ, ұлғайтусыз қолданыстағы мұнай өңдеу тарифі шеңберінде дифференцияланады.

Аутсорсингтік компаниялар персоналының лауазымдық және тарифтік мөлшерлемелері әр компания үшін жекелей жұмыскерлердің біліктілігі, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына байланысты 14-тен 56 пайызға дейін ұлғайтылады.

Тоғжанов кәсіпорын басшылығына кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырды. Ол зауыт басшылығына өңірдегі колледждердің бірін өз қамқорлығына алуды ұсынды.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнайды отын нұсқасы бойынша өңдейді және өңдеу тереңдігін 88 пайызға дейін қамтамасыз етеді, бұл үздік өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді. Зауыт автомобиль бензинін, РЖ маркалы реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, дизель отынын, мазут, мұнай коксын, жол битумын, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдар шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети