Павлодар - Нұр-Сұлтан тасжолында өзбек трикотажы бар жүк көлігі жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар - Нұр-Сұлтан тасжолында өзбек трикотажы бар жүк көлігі жанып кетті Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар-Нұр-Сұлтан тасжолында өзбек трикотажы бар көп тонналы жүк көлігі жанып кетті. Салдарынан республикалық жол учаскесінде жеңіл және жүк көліктерінен кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар-Нұр-Сұлтан тасжолында өзбек трикотажы бар көп тонналы жүк көлігі жанып кетті. Салдарынан республикалық жол учаскесінде жеңіл және жүк көліктерінен кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 12 ақпанда сағат 01.38-де түскен.

"40 шаршы метр алаңда трикотаж бұйымдары тиелген 2010 жылғы Renault Premium жүк көлігі толықтай жанып кетті", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Автокөлік Өзбекстаннан Ресейге бара жатқан.

Өрт орнынан жүк көлігінің екі жүргізушісі эвакуацияланды. Олар Қалқаман ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Ведомство мәліметінше, өрт 05.00-де толығымен жойылды, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

"Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды. Шығын анықталып жатыр", - деді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Pavlodar (@pavlodar.times)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети