Павлодар облысы әкімінің орынбасарын интим сипатта бопсалаған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры/primeminister.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде бопсалау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде бопсалау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс бойынша жәбірленуші - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 39 жастағы павлодарлық әйел айыпталып отыр. Іс алқабилердің қатысуымен сотта қаралды. 4 мамырда алқабилер бұл іс бойынша үкім шығарды.

"194-баптың 4-бөлігі 2-тармағы ("Бопсалау") бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу тағайындалсын", - деді судья Нұрлан Айтбаев үкімді оқыды.

Ол алқабилер сотталушының өзіне тағылған әрекетке кінәлі екендігі туралы бірауыздан дауыс бергенін түсіндірді.

"Қылмыс жасаған кезде мүгедек ұлыңыз болғанын ескере отырып, сот ең төменгі шектен төмен жаза тағайындады", - дді судья Айтбаев.

Сотталған әйел сот залында қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети