Павлодар облысы әкімінің суреті жалған жарнамада қолданылған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы әкімінің суреті жалған жарнамада қолданылған Facebook

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханның суреті жалған жарнамада қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханның суреті жалған жарнамада қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы шенеунік әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жарнамаларда оның аты-жөні Ерасыл Жақсылықов деп көрсетілген.

"Соңғы кезде маған Инстаграм әлеуметтік желісінде менің суретім бейнеленген заңгерлік кеңестер беру туралы жарнаманың скриншоттарын жіберіп жатыр.

Әрине, менің аты-жөнім Жақсылықов Ерасыл емес, мен ешқандай тегін заңгерлік кеңес бермеймін.

Сондықтан мен өзімнің заңгерлеріме осы жарнама туралы анықтауды тапсырдым. Инстаграмда осындай жарнама кезіктірген жазылушыларыма ол жарияланымға шағым жасауын сұраймын. Сіздерге осындай көмек үшін алғыс айтамын", - деп жазған ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Айта кетейік, шенеунік былтыр желтоқсанда Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар қаласының әкімі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети