Павлодар облысында екі мыңнан аса үйді су басу қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Павлодар облысында екі мыңнан аса үйді су басу қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Павлодар облысында су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Құтқару қызметі барлық гидротехникалық құрылыстарды нығайтып, су өткізгіш құбырларды қардан тазартты. Сондай-ақ, облыста ауылдар аумағын қардан тазалау жұмыстары аяқталған.
2000-нан аса жекеменшік үй су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Ең қауіпті жерде – Шолақсор ауылының іргесіндегі Селеті өзенінде кенет еруден су қоймасына мұз жиналып қалмас үшін құтқарушылар мұзды кесу жұмыстарын жүргізген.
Құтқарушылар биыл облыс тұрғындары маусымдық су тасқынынан қорықпау керек екенін атап өтті. Төтенше жағдай болған жағдайда 600 арнайы техника толық дайындықта, жүз тоннадан аса жанар-жағармай қоры бар, мыңнан аса құтқарушы су тасқыны салдарын жоюға кірісуге дайын.
"Өткен кезеңдегі су тасқыны жағдайын талдау негізінде қазір 43 елді мекен бақылауға алынды. Төтенше жағдайларға бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бірақ босаңсуға болмайды, өйткені қар жамылғысының биіктігі облыс бойынша 13 сантиметрдей. Бұл былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай төмен, екі есеге жуық", - деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Олег Трещев.
Сонымен қатар, облыста топырақтың қатты қатуы байқалады, соның салдарынан тасқын сулары бірден жер астына кете алмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!