1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Павлодар облысында 2-сынып оқушысы қайырымды ісі үшін марапатталды

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Павлодар облысының полицейлері мектеп оқушысын игі ісі үшін марапаттады. Бала көшеден телефон тауып алып, оны полиция бөлімшесіне әкеліп берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Успен орта мектебінің 2-сынып оқушысы Ерасыл Садықов көшеден ұялы телефон тауып алады. Кейін оны аудандық полиция бөліміне әкеледі.

"Ата-анам бір зат тауып алсаң, полицияға апару керек деп үйретті. Сондықтан телефонды бірден кезекші бөлімге апардым", - деді Ерасыл.

 Тәртіп сақшылары телефон иесін тез тапқан. Ол жергілікті тұрғын болып шыққан. Телефонын абайсызда жоғалтып алған және қайдан іздеу керегін де білмеген.

Полицейлер мектеп оқушысына жақсы ісі үшін грамота беріп, футбол добы сыйлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!