Павлодар облысында әкімдер ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында әкімдер ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың Ақсу қаласы мен екі ауданының әкімі ауысып отыр. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында облыс басшысы Қанат Бозымбаевтың өкімімен Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Ол - осы кезге дейін Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бастығы болған Қайрат Нүкенов.
Аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы бойынша Ақтоғай және Май аудандарының әкімі ауысты. Ақтоғай ауданына Ертіс ауданы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Батырғожинов, ал Май ауданына Ақсу қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бегзия Ысқақова әкім болды. Ысқақова Павлодар өңірінде әкім болған екі әйел адамның бірі атанып отыр.
Бұған дейін Павлодардың өзінде басшы ауысқан болатын. Қаланың жаңа әкімі - Болат Бақауов. Оған дейін қаланы басқарған Оразгелді Қайыргелдинов басқа жұмысқа ауысты. Болат Бақауов 2011 жылдың қазан айынан бастап, Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарған еді. Еске салайық, 2013 жылдың соңында Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болды. Оған дейін өңірді басқарған Ерлан Арын өз еркімен қызметтен кетті.