Павлодар облысында ауа райына байланысты жүк көліктері мен жеңіл көліктер жолда тұрып қалды. Құтқарушылар 27 адамды эвакуациялап, қар құрсауынан құтқарды. Барлығы жақын маңдағы елді мекендердің жылыту бекеттеріне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысында ауа райына байланысты жүк көліктері мен жеңіл көліктер жолда тұрып қалды. Құтқарушылар 27 адамды эвакуациялап, қар құрсауынан құтқарды. Барлығы жақын маңдағы елді мекендердің жылыту бекеттеріне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Павлодар облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың 15 учаскесінде қозғалыс тоқтатылды. Жедел деректер бойынша, республикалық жолдардың екі учаскесінде жүзден аса жүк және жеңіл көлік тұрып қалған.
"Шідерті кенті маңына 95 автокөлік, оның ішінде 58 жүк көлігі жиналды. Ленин кенті маңында 55 көлік тұрып қалды, оның ішінде 25 жүк көлігі, қалғандары жеңіл көлік. Полиция қызметкерлері Павлодарға техника жіберу бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Ақмола облысы тарапынан Шідерті кентіне 30-ға жуық автокөліктен тұратын колонна бара жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство мәліметінше, жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларды жылыту пункттеріне апарады.
"Республикалық маңызы бар тасжолда, яғни Ақмола облысынан Шідерті ауылына дейін 24 адам, оның ішінде бес бала эвакуацияланды. Сондай-ақ, қар басқан көліктен үш адам құтқарылды. Барлығы Шідерті кенті мен Төртқұдық ауылының жылыту пункттеріне жеткізіліп, тамақпен қамтамасыз етілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Өңірлік ТЖ департаментінде жедел штаб құрылған. ТЖ алдын алу және жою үшін ТЖД, полиция, жергілікті әкімдіктер мен жол қызметтерінің жеке құрамынан 66 техника мен 85 адам жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!