Павлодар облысында ауылды қар басып қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ауылды қар басып қалды Фото: instagram/yessen1702

Павлодар облысы Қаражар ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде қар басқан көшелер мен ауланың суреттері мен видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Қаражар ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде қар басқан көшелер мен ауланың суреттері мен видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қазанда Баянауыл облысында бірнеше ауылдық округте қар жауды. Әсіресе Қаражар ауылын 20-50 сантиметрге жететін қар басып қалды. Күндізден бастап тоқтамай жауған қар таңға дейін жалғасқан.  Ауыл тұрғындары қазан айының басында жауған қардың мөлшеріне тағалғандарын жасырмады. 

"Алдымен қар аралас жаңбыр жауды, содан кейін түні бойы боран болды. Қардың қалың жауғанынан жабылып қалған есіктерді таңертең қарды аршып ашуға тура келді. Қазан айында қардың осынша қалың жаууы соңғы рет қашан болғаны есімізде жоқ", - дейді жергілікті тұрғындар.

Көпшілік бәрінен бұрын ауа райының қолайсыздығынан жайылымда қалған малға алаңдаулы.

Синоптиктердің мәліметінше, қазанның 5-інен 6-сына қараған түні Баянауыл облысына ғана емес, Екібастұзға да қар жауған.

Ал 7 қазаннан бастап Павлодар облысында күн жылынады деген болжам бар. Алдағы күндері күндіз 10-12 градусқа дейін жылынады, ал түнде 0-ден 2 градусқа дейін болады деп болжанып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети