30 мамыр 2022 | 07:18

Павлодар облысында белгісіз заттан уланған жетінші адам қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, қайтыс болғандар саны жетіге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, қайтыс болғандар саны жетіге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №3 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. 48 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Өкінішке қарай, 29 мамырда таңертең белгісіз заттан уланған жеті науқастың соңғысы қайтыс болды", - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Еске салайық, Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бәрі ауыл тұрғындарының бірінде канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Кейінірек тағы бір адам қайтыс болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұлы бар.

Бұл дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети