Павлодар облысында бір қала кеміді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында бір қала кеміді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысындағы мәслихатта Курчатов аумағын Абай өңірінің юрисдикциясына беру қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы мәслихатта Курчатов аумағын Абай өңірінің юрисдикциясына беру қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай ұсынысты Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтты.

Ол жаңа Абай облысы Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының сегіз ауданынан құрылғанын атап өтті. Оның құрамына Павлодар облысының шегінде болған, бірақ іс жүзінде ШҚО-ға бағынатын Курчатов та кірді.

"Қаланың жалпы ауданы 11 гектар. Курчатовтан облыстық бюджетке салық түспейді, олар қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар және Абай облыстарының шекараларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді Мұрат Хамитов.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети