Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жалған оқу куәлігін берген ұйым басшысы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

Ақсу қаласындағы бір кәсіпорынның басшысы "Электро-газбен дәнекерлеуші" мамандығы бойынша оқудан өткені туралы куәлік бергені үшін коммерциялық сатып алу ретінде заңсыз ақша қаражатын алған.

"Бұл ретте оқыту іс жүзінде жүргізілмей, құжаттар формальды түрде рәсімделгені белгілі болды. Бұл мамандық құрылыстан бастап мұнай өндіруге дейін бірқатар саланың негізінде жатқандықтан, оқытусыз сертификат беру халық үшін зор қауіп тудырады", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл деректі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша ЭТД қызметкерлері анықтады.

"Ақсу қалалық сотының үкімімен ұйым басшысы кінәлі деп танылып, оған оқыту-білім беру қызметімен байланысты коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети