Павлодар облысында жер астына құлаған автобусты іздестіру сәтінен кадрлар жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жер астына құлаған автобусты іздестіру сәтінен кадрлар жарияланды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобусты іздестіру сәтінен кдарларды жариялады. Автобуста адамдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобусты іздестіру сәтінен кдарларды жариялады. Автобуста адамдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 37 мыңнан аса текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылған.

"Жұмыста геосканер қолданылып жатыр. Оның көмегімен 7 қаңтарда 5 метр тереңдікте топырақ астынан автобустың ықтимал орналасу орны анықталды. 8 қаңтарда топырақты қайта сканерлеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша іздеу-құтқару жұмыстарының барысына түзету енгізілетін болады", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, жергілікті атқарушы органдар, "Майқайыңалтын" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 техника жұмылдырылған.

"Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.

Комиссия құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов, "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің, еңбек басқармасының, КӘАҚҚ РОШ, кәсіподақ ұйымының басшылары мен мамандары кірді."

Объективті тергеуді ұйымдастыру және жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін төрт сараптама ұйымының өкілдері тартылған.

Еске салайық, екі адамның мәйіті табылды. Автобус пен тағы екі адамды іздеу жұмұстары төрт күн бойы жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети