Павлодар облысында жоғалған әйел өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жоғалған әйел өлі табылды видео кадры

Павлодар облысындағы "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 19 сәуірде Екібастұздың 34 жастағы тұрғынының денесі қардан табылды, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

"Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылғы 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге шыққан. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күткен. Ер адам әйелі оралмаған соң полицияға жүгінеді.

Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз полиция басқармасының жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети