Павлодар облысында жолдағы кемшіліктер үшін жауаптыларға 800 мың теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жолдағы кемшіліктер үшін жауаптыларға 800 мың теңге айыппұл салынды Фото: Polisia.kz

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионнан астам шақырым автожолды тексеріп, анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша 137 нұсқама берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионнан астам шақырым автожолды тексеріп, анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша 137 нұсқама берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде 21 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, айыппұл сомасы 800 мың теңгеден асқан.

Олардың қатарында Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары бар. Олар қарамағындағы жол учаскелерін тиісті деңгейде күтіп-ұстау талаптарын орындамаған.

Сондай-ақ, Павлодар – Қызылорда республикалық тасжолында да заңбұзушылықтар анықталып, жергілікті жол пайдалану басқармасының басшысы жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, жолдар мен жол инфрақұрылымын күтіп-ұстауға байланысты басқа да көптеген заңбұзушылықтар анықталған. Барлық жауапты тұлғалар белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға міндетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети