Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодар облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Lada жүргізушісінің бірнеше жол ережесін бұзғаны түсірілген бейнероликті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Lada жүргізушісінің бірнеше жол ережесін бұзғаны түсірілген бейнероликті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz мәліметінше, әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада автокөлік иесінің қар басқан жолда дрифт жасағаны түсірілген.

"Жүргізуші Железинка ауылының көшелерінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, апатты жағдай туғызған. Аталған құқықбұзушылықтар үшін жүргізушіге 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды, ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды," – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік - тұрақты назар аударуды талап ететін негізгі мәселелердің бірі. Қандай заңбұзушылықтар үшін көлік иесі 100 пайыз жағдайда жүргізуші куәлігінен айырылады, қандай жағдайда сот шешім шығаратыны жайлы толығырақ біліңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети