Павлодар облысында карантин қайта күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында карантин қайта күшейтілді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантин шаралары тағы да күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантин шаралары тағы да күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірде қалааралық, облысішілік және облысаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы жеткізу және шығару режиміне ауысады. Өңір аумағында карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулыны Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев қабылдады.

"Павлодар - Ақсу қатынасын қоспағанда, ауданаралық, облысішілік және қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатыла тұрады. Бұдан басқа, сенбі және жексенбіде қоғамдық тамақтану объектілерінің әдеттегі форматтағы жұмысы тоқтатылады. Олар жеткізу және шығару режиміне ауысады. Карантин шараларының күшеюі сырқаттанушылықтың жалғасуымен және эпиджағдайдың нашарлауымен байланысты", - деп хабарлады Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Ғизат Әбешев.

Жаңа құжатта барлық сауда объектілеріне, қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік кәсіпорындарға, кіреберістерге, лифт кабиналарына, ұйымдарға және басқа да қоғамдық орындарға санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілу керегі жазылған.

Қаулы 25 қаңтарда сағат 00.00-де күшіне енеді. Шектеу шаралары 8 ақпан сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, Павлодар облысында науқастар саны күнде өсіп жатыр. Кейінгі тәулікте өңірде КВИ-дің 226 жаңа жағдайы анықталды. Науқастар арасында 12 оқушы мен екі студент бар.

Еске салайық, 20 қаңтардан бастап облыста демалыс күндеріне локдаун жарияланды. Бірқатар қоғамдық нысандардың жұмысына тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты қысқарды. Бұдан басқа, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмысқа ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети