16 маусым 2020 | 10:55

Павлодар облысында коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты мәлімет шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: AP Фото: AP

Павлодар облысында COVID-19 вирусынан 13 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында COVID-19 вирусынан 13 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирустан Екібастұз қаласының 1954 жылғы тұрғыны қайтыс болған. Әйел гипертония ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрыпты. Науқас май айналымының бұзылуы, эндокринді бұзылыстар және қатерсіз ісік ауруы сынды дертке шалдыққан.

"13 маусымда науқас жедел жәрдеммен провизорлық бөлімге жеткізілді. Әйелдің дене қызуы көтерілген, әлсіз болған. Ентікпе, құрғақ жөтелі болып, кеудесі ауырған. Тест сынамасы коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен соң ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, әйелдің жағдайы өте ауыр болған. Науқасты дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы вирус жұқтырған әйелге барлық медициналық көмек уақытында көрсетілгенін атап өтті.

"Қарқынды терапия мен медициналық көмекке қарамастан, 2020 жылғы 15 маусымда сағат 11.00-де науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Өлім дерегін зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, бұл дерек коронавирус инфекциясынан болған адам өлімі ретінде тіркелді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети