13 мамыр 2022 09:37

Павлодар облысында микроавтобус аударылды: екі жолаушы комада жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© elements.envato.com

Павлодар облысында микроавтобус жеңіл автокөлікпен соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған екі адам комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында микроавтобус жеңіл автокөлікпен соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған екі адам комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер 35 жастағы әйел мен 22 жастағы қыздың жағдайы ауыр екенін айтты.

"Екі науқас №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, 17 жастағы жеткіншектің де жағдайы өте ауыр. Ол ашық бассүйек-ми жарақатын алған, маңдайдағы сүйектері сынған. Жәбірленушіге ота жасалған. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Тағы бір 35 жастағы ер адам №1 Павлодар қалалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Қалған бес зардап шегуші үйлеріне шығарылды. Олардың барлығы Қарағанды ​​қаласының тұрғыны.

Еске салайық, жол апаты 9 мамырда сағат 20.40-та Баянауыл ауылынан 20 шақырым жерде болған. Audi 80 B4 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Volkswagen Crafter микроавтобусымен соқтығысты. 

Жол апаты салдарынан екі автокөлік жыраға аударылып кеткен. Volkswagen Crafter-дің 1986, 2000 және 2005 жылғы төрт жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram