10 мамыр 2022 14:02

Павлодар облысында жолаушылары бар микроавтобус аударылды: 9 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: gorvesti.ru Иллюстрациялық фото: gorvesti.ru

Павлодар облысында микроавтобус жеңіл автокөлікпен соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған үш жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында микроавтобус жеңіл автокөлікпен соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған үш жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 9 мамырда сағат 20.40-та Баянауыл ауылынан 20 шақырым жерде болған. Audi 80 B4 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Volkswagen Crafter микроавтобусымен соқтығысты. 

"Жол апаты салдарынан екі автокөлік жыраға аударылып кетті. Volkswagen Crafter-дің 1986, 2000 және 2005 жылғы төрт жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Тексеру жүріп жатыр. 

Сонымен қатар, дәрігерлердің ақпараты бойынша, зардап шеккен тоғыз адамға шұғыл көмек қажет болды. Үш науқас - 36 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел және 16 жастағы жасөспірім реанимобильдерде алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін Павлодарға жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен 22 жастағы жолаушы облыстық орталыққа әуе көлігімен тасымалданды.

Қалған жолаушылар да түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әйелдердің бірінің саусағына ампутация жасалды, тағы бір ер адамның екі бармағы жұлынып кеткен. Зардап шеккендердің арасында 51 жастағы Ресей азаматы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети