Павлодар облысында өртенген үйден зейнеткер мен 6 жасар баланың денесі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында өртенген үйден зейнеткер мен 6 жасар баланың денесі табылды

Павлодар облысында жеке тұрғын үйдегі өрттен 64 жастағы ер адам мен 6 жасар бала қаза тапты. Уланған тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 19 желтоқсанда сағат 23.13 кезінде құтқару қызметіне өрт туралы хабар түскен.

Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылы Елгин көшесі, 16 мекенжайында бір қабатты қамыстан салынған үйде өрт тұтанған. Жалын шамамен 64 шаршы метр аумақты шарпып, шатыр жартылай құлап қалған.

Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 2019 жылы туған қызды көршісі құтқарып үлгерген.

Ол ауруханаға жатқызылды. Бала көміртегі тотығынан уланған, оң қабағы және бетінің сол жағы бірінші дәрежелі термиялық күйік алған.

Барлау кезінде үйіндінің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген денесі табылды.

Өрт 20 желтоқсан сағат 01.47 шамасында толық сөндірілді.

Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети