03 наурыз 2021 | 13:41

Павлодар облысында пара алу ісінде ақталған судья жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Тағажай. Фото: Павлодар облыстық соты сайтынан Талғат Тағажай. Фото: Павлодар облыстық соты сайтынан

Пара алу ісіне қатысты Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы Талғат Тағажай қызметінен босатылды. Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қызметтен босатуға судьяның теріс тәртіптік әрекеті себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Пара алу ісіне қатысты Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы Талғат Тағажай қызметінен босатылды. Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қызметтен босатуға судьяның теріс тәртіптік әрекеті себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Павлодар облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы Тагажай судья өкілеттігі аяқталуына байланысты қызметінен босатылды. Сот қазылар алқасы тәртіпті бұзғаны үшін судьяны қызметінен босату туралы шешім шығарды", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл ақпаратты ҚР Жоғары сот кеңесі де растады. Соттың баспасөз қызметі құжатқа сәйкес Талғат Тағажай 2021 жылдың 27 ақпанынан бастап жұмыстан шығарылғанын айтты.

Айта кетейік, былтыр наурызда әлеуметтік желілерде өңірлік мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы Талғат Тағажай ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Лауазымды тұлғаның ірі мөлшерде пара алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Осыдан кейін судьяның өкілеті тоқтады.

Алайда былтыр тамызда өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Айдар Тастеміров пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінген Талғат Тағажайға қатысты сотқа дейінгі тергеу қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге, судьяға қатысты материалдар сот билігі беделін түсіргені және судья беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік жазаға тарту үшін Жоғарғы сотқа жіберілгені хабарланды.

Талғат Тағажай 2018 жылы мамырда Павлодар облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар қалалық сотының төрағасы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети