Павлода облыстық мемлекеттік мұрағат басшысы қызметін атқарушы пара алу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлода облыстық мемлекеттік мұрағат басшысы қызметін атқарушы пара алу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Павлодар облыстық департаменті азаматтың арызына байланысты Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағат басшылығының тарапынан заңға қайшы әрекеткерге барғаны туралы кешенді жасырын жаралар жүргізді", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.
"Нәтижесінде 21 қарашада меммұрағат басшысы қызметін орындаушысы алдын ала келісілген 500 мың теңгенің бір бөлігі 50 мың теңге пара алу кезінде қолма-қол ұсталды. Бұл қаражатты алу себебі меммұрағатқа жасалған жөндеу жұмыстары барысында жасалған олқылықтарды жасыру үшін алмақшы болған", - деді ол.
Кінәсін толықтай мойындаған шенеунік қамауға алынбаған.
Тергеу жалағсып жатыр.