Павлодар облысында танымал болған алқызыл көл таязданып қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Instagram/radblog_mwsr Фото Instagram/radblog_mwsr

Павлодар облысындағы алқызыл Коряковка көлі таяздап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысындағы алқызыл Коряковка көлі таяздап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар арасында танымал болған алқызыл көл тағдыры туралы жергілікті тұрғындар әңгімесін блогер Денис Денски жариялады.

"Қазақстанда енді қызғылт көл жоқ па? Бұл видеоны блогымның оқырманы түсірген, ол бір айдан кейін біреулердің көлді арнайы құрғатып, тұзын сататынын жария етуді ұйғарған. 2020 жылы танымал болған Коряковка ауылы маңындағы қызғылт көлді, Павлодарға жақын жерде, құртқан", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Блогер Павлодар облысындағы су айдыны тағдырын Көбейтұз көлімен салыстырды.

Видео пайда болғаннан кейін Pavlodarnews.kz журналистері облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасына хабарласқан.

"Тұзды заңсыз өндіру дерегі расталды, бейнежазбадағы сипаттамаға сәйкес көрсетілген орын шындыққа жанасады. Алайда өнеркәсіп көлемдегі өндіріс жоқ, болжам бойынша өндіруді жергілікті тұрғындар өз қажеттіліктері үшін жүргізеді, қарапайым әдістер арқылы", - деп жауап берді ведомство.

Басылым шенеуніктерге сілтеме жасап, "қыста қар аз жауғаны мен еріген судың аздығынан көл таяз болып кеткен" деп жазады. Жер қойнауын пайдалану басқармасы мәліметінше, Коряковкада табиғи қуат жоқ, көлге өзендер құймайды. Мұның бәрі көлдегі су деңгейінің төмендеуіне әкелген.

"Сонымен қатар, биыл облыста су айналымы аз, құрғақшылық пен ауа райының жоғары температурасы байқалып отыр. Заңсыз өндіруді болдырмау мақсатында облыс әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып рейдтік іс-шаралар өткізеді", - деп қосты бөлім өкілдері.

Еске салайық, 2020 жылы Экология министрлігі Павлодар маңындағы қызғылт көлді қорғауға аламыз деп уәде еткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro