Павлодар облысындағы дауыл: зардап шеккендер саны 16-ға жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы дауыл: зардап шеккендер саны 16-ға жетті Фото: Әлеуметтік желілерден

Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті, оның ішінде балалар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті, оның ішінде балалар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, 19 маусымда Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Дауыл инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, электр қуатының өшуіне әкелді және халық арасында жарақат алу жағдайлары тіркелген.

"Төтенше жағдайлар қызметі мәліметі бойынша, 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үш бала. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғын қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Павлодарда 47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келген. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында - 7 нысан зардап шекті, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.

Облыстың қалалары мен аудандарының электрмен жабдықтау желілерінде ақаулар байқалады. Қазіргі уақытта Ақсу және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр.

Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Байланыс және электрмен жабдықтау желілерінің 16 бағанасы қалпына келтіріліп жатыр. 300-ден астам адам және 103 арнайы техника жұмылдырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @pavlodar_region

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети