Павлодар облысында кеншілер шеруге шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Қарсылық акциясына Баянауыл ауданында жұмыс істеп тұрған "Майқайыңалтын" АҚ кәсіпорнының жұмысшылары шықты.
Павлодар облысында кеншілер шеруге шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Қарсылық акциясына Баянауыл ауданында жұмыс істеп тұрған "Майқайыңалтын" АҚ кәсіпорнының жұмысшылары шықты.
Кеншілер жұмыстың ауыр екенін айтып, айлық жалақыларын көтеруді талап етіп отыр. Шеруге алғашқылардың бірі болып "Алпыс" кенорнының кеншілері шықса, кейіннен олардың қатарына Майқайыңалтын" АҚ алтынды сұрыптау фабрикасының жұмысшылары да қосылған.
"Жұма күні белгілі болғанындай 8 кенші шахтаға түскен бойда, одан шығудан бас тартқан. Олар қосымша төлем төлеуді талап етіп, атқарып отырған жұмыстың адам денсаулығы үшін аса зиян екенін айтып, айлық жалақыларын көтеруде талап еткені белгілі болды. Сол күні келіссөздер жүргізудің арқасында арада бірнеше сағат өткенде кеншілер жоғарыға көтерілген. Ал сенбі күні олар қойған талапты 20 жұмысшы қолдады", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдінов.
Майқайың әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, адамдар жұмыс істеуге жағдайдың жоқтығын айтып, жұмысты ұйымдастыруда өздерінің құқықтары аяқасты болып жатқанын мәлім еткен. "Майқайың" АҚ кәсіпорнының акционерлері ресейлік компания болып табылады. Кәсіпорын басшылары болса қосымша төлемдердің кешігуіне менеджменттің ауысуы себеп болғанын айтып ақталуда. Қалай болғанда да Павлодар облысы мен Баянауыл әкімдігі жұмысшылар жағында болғандықтан акционерлер кәсіпорында туындаған бар мәселені жуық арада шешетін болады", - деді Жалдінов.
Ресми мәлімет бойынша, Павлодар облысының әкімдігі ресейлік инвесторлармен кәсіпорында орын алған жағдайды реттеуге арналған үшжақты келіссөзге қол қоюға әзірлік үстінде.
Толықтай айтсақ, "Майқайыңалтын" АҚ колчедан-полиметалл кенінен алтын өндіріп, өңдеумен айналысады. Кәсіпорында 826 жұмысшы жұмыс істейді. 2014 жылы Баянауыл ауданының прокурорлары бұл кәсіпорында бірқатар еңбек талаптарының орындалмай жатқанын анықтаған болатын. Атап айтқанда, онда жұмысшылар демалатын, әрі тамақтанатын орындар қарастырылмапты. Сондай-ақ жатын орындарда медициналық дәріхана, жұмысшыларды үйді үйге жеткізіп салатын көліктерде атымен жоқ.