28 қараша 2020 11:26

Павлодар облысының әкімі Иманбекке телефон нөмірін беріп, "кез келген көмек көрсетуге" уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды. Авторы: Валерий Бугаев Суретті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды. Авторы: Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов "Грэммиге" ұсынылған Иманбек Зейкеновпен кездесті. Шенеунік музыкантқа жанкүйер болуға уәде етіп, оған телефон нөмірін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов "Грэммиге" ұсынылған Иманбек Зейкеновпен кездесті. Шенеунік музыкантқа жанкүйер болуға уәде етіп, оған телефон нөмірін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Диджей аймақ басшысына туған Ақсу қаласында ата-анасымен бірге тұра беретінін айтты. Биыл ол Павлодардағы Торайғыров университетіне оқуға түскен екен. Қазір музыкант әлемдік жұлдыздармен жаңа ән жазып жүр.

Әкім Иманбекке әрдайым жетістікке сенуді және өз бетінше биіктерді бағындыра алған қарапайым жігіт ретінде қалуын тіледі. Сқақов музыкантқа телефон нөмірін де беріп, қажет болған жағдайда қоңырау шалуға болатынын айтты. 

"Біз бәріміз сен үшін жанкүйер боламыз. Сен өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның нағыз мақтанышысың. Қажет болған жағдайда кез келген көмегімізге үміттене аласың", - деді Әбілқайыр Сқақов қонағына.

Әңгіме барысында жігіт карьерасының басында музыкада бәрін таныс пен ақша шешеді деп ойлағанын айтты.

"Өз мысалымда бұл олай емес екеніне көз жеткіздім. Басында жолым болғаны рас, бірақ содан кейін өзім серіктес лейблдағы жігіттермен көп жұмыс істедім. Музыка жазып отырғанда адамдардың оған қалай билейтінін, әуен қандай эмоциялар тудыратынын елестетемін", - дейді Иманбек.

Музыкант танымалдық әкелген SAINt JHN-нің Roses композициясына ремикс жасау үшін екі сағат жиырма минут қана жұмсағанын мойындады. Бұл трек 2020 жылғы "Грэмми" сыйлығына "үздік ремикс" номинациясында ұсынылды. Осылайша Ақсу тұрғыны бұл сыйлыққа үміткер атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы адам болды. 

Бұған дейін "Вечерний Ургант" бағдарламасына берген сұхбатында Иманбек "Грэмми" номинациясы туралы қалай білгенін айтып, шоумен Иван Урганттан мерзімінен бұрын құттықтау алған еді.

Грэмми сыйлығының 63-ші рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети