16 қаңтар 2020 | 09:19

Павлодар облысының әкімі Instagram-парақшасында "есеп берді"

Павлодар облысының әкімі ұсталды деген хабарлама тарап кеткеннен кейін Болат Бақауовтың Instagram желісіндегі парақшасында жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімі ұсталды деген хабарлама тарап кеткеннен кейін Болат Бақауовтың Instagram желісіндегі парақшасында жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кеше, 15 қаңтарда индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ кәсіпкерлік және сауда басқармаларының алқа мәжілісі өткені айтылады. 

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, былтыр инвестициялық жобалардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмады. Инвесторлар бюджет қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымдар салынғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлар кездесті. Сонымен қатар, өңірде қомақты инвестиция салынып, бірақ тоқтап тұрған кәсіпорындар бар. Мәселен, Екібастұздың теміржол кластеріндегі үш кәсіпорыны тапсырыс ала алмай келеді", - делінген жазбада. 

Сондай-ақ, осы және өзге де мәселелерді шағын және орта бизнестің, ірі компаниялардың өкілдерімен болған кездесуде талқыланғаны айтылады. 

"Әрбір проблемада мемлекеттік органдар тарапынан кеткен кемшіліктер де бар деп ойлаймын. Біз бұл бағыттағы жұмысты жақсартатын боламыз. Осы аптада Павлодар облысының басқа да басқармаларының қатысуымен алқа мәжілісі форматындағы кездесулерді жалғастыратын боламыз", - делінген облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осыған дейін WhatsApp-та Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама таралды. Аудиода ер адамның дауысы былай дейді: "бүгін, 15 қаңтарда, әкім ұсталды". Павлодар облысының әкімдігі "Болат Бақауов ұсталды" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная