1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

WhatsApp-та Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама таралып жатыр

WhatsApp-та Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды деген аудиохабарлама таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аудиода ер адамның дауысы былай дейді: "бүгін, 15 қаңтарда, әкім ұсталды".

Ресми органдар әзірге осы хабарламаға қатысты пікір білдірген жоқ. 

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 

Еңбек өтілін 1988 жылы Железин ауданы "Советский Казахстан" совхозының автогаражының жұмысшысы, жүргізушісінен бастаған. Железин ауданының "Бақауов" шаруа қожалығының басшысы болды, кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2011-2014 жылдар аралығында Ақсу қаласының әкімі, кейін Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді.