27 қаңтар 2021 | 16:03

Павлодар облысының әкімдігі шамамен 138 миллион теңгеге қызметтік көлік жалдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © REUTERS Көрнекі сурет © REUTERS

Павлодар облысының әкімдігі 137,6 миллион теңгеге жеңіл автокөлік жалдайды. Әкімдік өкілдері мемсатып алуға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімдігі 137,6 миллион теңгеге жеңіл автокөлік жалдайды. Әкімдік өкілдері мемсатып алуға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемсатып алу порталындағы құжатта 17 жеңіл автокөлік жалға алынғаны туралы жазылған. Оның ішінде, бес атқарушы кластағы қара түсті көлік, үшеуі жеті орындық өтімділігі жоғары атқарушы кластағы көлік. Тағы сегіз көлік - бизнес-класс, екеуі 2018 жылдан кеш болмауы керек және 16 орындық автокөлік. 

Павлодар облысының әкімдік аппарат өкілдері қызметтік көліктер лимиті 2019 жылдың мамырында қабылданғанын айтады. 

"Осыған байланысты мемсатып алудың конкурс құжатында 17 көлік "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің автомобиль көлігі қызметін көрсету үшін қарастырылған", - делінген Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берілген жауапта. 

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, транспорттық қызметтер Павлодарда берілген өтініш бойынша тек Павлодар қаласында, қажет болған жағдайда Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан мен басқа да өңірлерде қолданылады. Жеткізуші демалыс және мереке күндері тапсырыс берушінің өтініші бойынша, оның ішінде, облыстан басқа жерлерге баратын кезде автокөлік бөліп беруге міндетті. Ол көлік пен жүргізушінің тәртібіне де жауапты болады. Жұмыс күні тұрақты емес. Көлік сынған жағдайда қызмет көрсетуші дәл сондай автотранспорт беруі тиіс. 

Сонымен қатар, әкімдік өкілдерінің сөзінше, транспорттық қызметтерді сатып алу екінші жыл қатарынан өңірлік Мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурстық комиссия құру арқылы жүргізіледі. 

"Мемсатып алу процедурасы аяқталды. Жеткізушімен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт Қазынашылық органдарында тіркеліп жатыр. Қызметтік көлік жыл сайын облыс бюджеті есебінен мәслихаттағы сессияда мақұлданады. 2020 жылы келісім сомасы 145,4 миллион теңге болды", - дейді облыс әкімдігінің аппаратының өкілдері. 

Мемсатып алу порталының мәліметінше, 2021 жылы қызметтік көлікке 137,6 миллион теңге бөлінген. Былтыр да конкурсты "Павлодар облысының автомобиль қызметі" жеңіп алған. Бұл кәсіпорынның құрылтайшысы - облыстық әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети