Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының 51 жастағы басшысы елорда ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне cілтеме жасап.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының 51 жастағы басшысы елорда ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне cілтеме жасап.
Жедел мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен Нұрлан Қасымовты Астанаға жеткізу туралы шешім бүгін қабылданған. "Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травмотология бөліміне 25 желтоқсанда жеткізілді. Бүгін, 26 желтоқсанда, ол республикалық санитарлық авиация желісімен Астанадағы республикалық травматология орталығына жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер зардап шеккенге қажетті көмектің барлығы көрсетілгенін айтты. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Алайда дәрігерлер Нұрлан Қасымовтың неліктен травмотология орталығына жеткізілгенін түсіндірмей отыр.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер болса, бас дәрігердің жарақат алуын абайсыздықтан деп отыр. "Нұрлан Қасымовтың абайсыздан жарақат алуына қатысты тексеріс жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аңшылық тегіс ұңғылы қару өздігінен атылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына оқ тиіп, ауруханаға түскені хабарланған болатын. Бір сағаттың ішінде Нұрлан Қасымов дереу облыстық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған болатын.