Павлодар облысының ПД басшысы қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының ПД басшысы қызметінен босатылды

Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша, Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы баянатқа сәйкес Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды. Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы міндетін полиция полковнигі Қайыров Жасқайрат Иманбекұлы атқарады", - делінген өңірдің ПД баспасөз хабарламасында.

48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы бойынша департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарып келген.

Полицей еңбек жолын Алматы облысы Қарасай аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Бір жылдан кейін аға жедел уәкілге дейін қызмет атқарып, содан кейін Алматы облысы ІІД Алакөл аудандық ІІБ орынбасары, бастығы, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары болған.

2019 жылы Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылы ІІМ жетінші департаментін басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети