Павлодар облыстық ІІД-нің басшысы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облыстық ІІД-нің басшысы ауысты Павлодар облыстық ІІД-нің жаңа басшысы Марат Қожаев. Фото tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

ІІМ-нің жанындағы комитет басшысы болған Марат Қожаев Павлодар облыстық ІІД-нің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қызметті бұған дейін Сұлтан Құсетов атқарып келген болатын. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ-нің жанындағы комитет басшысы болған Марат Қожаев Павлодар облыстық ІІД-нің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қызметті бұған дейін Сұлтан Құсетов атқарып келген болатын. 

"ІІМ басшысының жарлығымен Павлодар облыстық ІІД-нің басшысы болып, 50 жастағы Марат Қожаев тағайындалды, ол бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы Тергеу комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Бүгін, 12 қыркүйекте түстен кейін жаңа басшы облыстағы полиция құрамымен таныстырылды" - деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі. Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ІІД-нің бұрынғы басшысы Сұлтан Құсетовке жұмысы, кәсіби біліктілігі үшін алғыс хат жолдап, естелік үшін сыйлық тарту еткен. 

Марат Қожаев Алматы облысындағы Таран ауылында дүниеге келген. Өз қызметін 1984 жылы Алматы облысы, бұрынғы Қаскелең аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша қамау изоляторының қызметкері ретінде бастаған. 2009-2012 жылдар аралығында Жамбыл облыстық ІІД-нің басшысы болды. 2012 жылдан бері ҚР ІІМ-нің жанындағы Тергеу комитетінің басшысы қызметін атқарды. Жуық арада Сұлтан Құсетов басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін екені айтылуда. Ол қазір министрліктің резервінде тұр. Сұлтан Құсетов Павлодар облыстық ІІД-ні 3 жыл басқарды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети