Павлодар облысы Орал сауда-өндіріс палатасымен қызметтес болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Орал сауда-өндіріс палатасымен қызметтес болады © Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Екатеринбургте Орал сауда-өндіріс палатасының президенті Андрей Бесединмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар екі өңір арасындағы ынтымақтастық туралы келісті, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының әкімі Екатеринбургте Орал сауда-өндіріс палатасының президенті Андрей Бесединмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар екі өңір арасындағы ынтымақтастық туралы келісті, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетов Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Әсіресе, палата қызметкерлері "Павлодар" арнайы экономикалық аумағында жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктерге қызығушылық білдірді.

"Арнайы экономикалық аумақта жұмыс істейтін инвестор корпоративтік кіріс салығынан және жер, басқа да салықтардан босатылады, - дейді Нұрболат Сейітмағамбетов. - Осының нәтижесінде бизнесмендер өндіріске кірісіп, логистиканы дамыта алады. Бүгінде арнайы экономикалық аумақта алты кәсіпорын жұмыс істейді. Тағы да алты жоба дайындық үстінде, қоспалы алюминий зауыты салынуды. Жылдың соңына дейін автомобильдерге арналған алюминий дискілері шығарылады.

 

Болат Бақауов өңірдің көмір мен электр энегриясына, тұз және әктас қорына өте бай екенін атап өтті.

"Павлодар облысында кальций содасын өндіретін зауытқа деген сұраныс барә, - деді ол.

Сонымен қатар, Ресей мен Қытайды есепке алмағанда тұтыну көлемі ішкі нарықта шамамен  - 400 мың тонна.

Орал сауда-өндіріс палатасы Ертіс өңірімен өзара қарым-қатынасты дамытуға ерекше қызығушылық білідіріп отырғанын жасырмады. 2017 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Сверловск облысымен тауар айналымы бойынша бірінші орынға шыққан.

Палата басшылығы Андрей Беседин Екатеринбург бизнесмендеріне Павлодар облысының инвестициялық әлеуеті мен жеңілдіктер туралы айтып беруге уәде берді. Нәтижесінде тараптар бірлескен кәсіпорындар ашу мүмкіндіктерін қарастыру туралы келісті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети