Павлодар облысында әкімдер ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында әкімдер ауысты Ақсу қаласының әкімі болып Қайрат Нүкенов тағайындалды. ©Pavlodar.gov.kz

Павлодар облысында әкімдер ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында әкімдер ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың Ақсу қаласы мен екі ауданының әкімі ауысып отыр. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында облыс басшысы Қанат Бозымбаевтың өкімімен Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Ол - осы кезге дейін Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бастығы болған Қайрат Нүкенов.

Аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы бойынша Ақтоғай және Май аудандарының әкімі ауысты. Ақтоғай ауданына Ертіс ауданы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Батырғожинов, ал Май ауданына Ақсу қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бегзия Ысқақова әкім болды. Ысқақова Павлодар өңірінде әкім болған екі әйел адамның бірі атанып отыр.

Бұған дейін Павлодардың өзінде басшы ауысқан болатын. Қаланың жаңа әкімі - Болат Бақауов. Оған дейін қаланы басқарған Оразгелді Қайыргелдинов басқа жұмысқа ауысты. Болат Бақауов 2011 жылдың қазан айынан бастап, Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарған еді. Еске салайық, 2013 жылдың соңында Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болды. Оған дейін өңірді басқарған Ерлан Арын өз еркімен қызметтен кетті.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети