Павлодар облысындағы Ақсу қаласының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының әкімі ауысты Балғабай Ибраев. © Валерий Бугаев

Павлодар облысындағы Ақсу ауданының жаңа әкімі таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балғабай Ибраев Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы Ақсу ауданының жаңа әкімі таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Балғабай Ибраев Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Жаңа әкімді Ақсу активіне өңір басшысы Болат Бақауов таныстырды. Облыс әкімінің айтуынша, Ибраев осы қалада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен және қалаға не керектігін біледі. Осыған дейін Балғабай Ибраев Павлодар облысындағы Шарбақты ауданының әкімі болған.

Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан Болат Бақауов ұсынған кандидатты мақұлдады. 


Сурет Валерия Бугаева

Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері Ақсу қаласының бұрынғы әкімі Николай Дычконың "Нұр Отан" партиясының Павлодар облыстық фиилиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын мәлімдеді. 

53 жастағы Балғабай Ибраев 1994 жылдан бері мемлекеттік қызметте және Ақсу қаласындағы мекемелерде қызмет етіп бастаған. 2005-2008 жылдары тұрғын үй коммуналдық қызметінде бөлім басшысы болған және Ақсу қаласында көлік тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған. 2008-2011 жылдары Ақсу "Қалалық канал" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы болды. 2015 жылы 26 мамырда Шарбақты ауданы әкімі қызметіне тағайындалған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети