Павлодар облысының әкімі мен Башқұртстан президенті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының әкімі мен Башқұртстан президенті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодар облысының әкімі мен Башқұртстан президенті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының әкімі мен Башқұртстан президенті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы кезінде жүргізілді. Қос тарап өндіріс, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім беру және басқа да салалар бойынша серіктес болуға келісті.

"Біздің өңірлердің ұқсас тұстары көп, - деді Павлодар облысының әкімі. - Мәселен, ауқымды көлемде мұнай өндірілетін Башқұртстанда мұнай-химия кластері бар. Сондықтан тәжірибелерімен бөлісуі үшін өзімізге республика өкілдерін шақырып отырмыз. Көптеген павлодарлық студенттер Башқұртстанда мұнай-химия ісіне білім алады. Олардың оқытушылары Павлодарда дәріс оқиды.

Рустэм Хамитов Болат Бақауовтың екі ел арасында ынтымақтастық жасауға ортақ дүние көп екені туралы ойын қостады. Олар өзара делегация жіберу жөнінде уағдаласқан.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы Челябіде өтуде. Форумға екі мемлекеттің шекаралас жатқан өңірлерінен 1000-ға жуық қонақ қатысты. Бұл тақырыпқа қатысты жаңалықтарды 300-ге жуық журналист жариялайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети