Павлодар облысының билігі Төреғали Төреәліні ресми іс-шараларға шақыртудан бас тартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының билігі Төреғали Төреәліні ресми іс-шараларға шақыртудан бас тартады © pavlodarnews.kz

Таяуда Павлодарда болған жағдайға байланысты облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Төреғали Төреәліні өңірде өтетін ресми іс-шараларға шақыртудан бас тарту туралы шешім шығарды, - деп pavlodarnews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда Павлодарда болған жағдайға байланысты облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Төреғали Төреәліні өңірде өтетін ресми іс-шараларға шақыртудан бас тарту туралы шешім шығарды, - деп pavlodarnews.kz тілшісі.

Ведомствода 21 желтоқсанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен концерттегі Төреғали Төреәлінің мінез-құлқы орынсыз деп танылды. Сондықтан шенеуніктер жуық арада әншімен байланыс орнатпайды екен.

"Біз Павлодардағы әр мерекеде қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуіне мүмкіндік беріп, жиі ресми шақыртулар жіберіп тұрамыз, - деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасы. - Сөз жоқ, біз облысымызда жеке ұйымдастырушылардың тарапынан өтетін коммерциялық концерттерге бақылау жүргізе алмаймыз. Ал мемлекеттік мекемелер өткізетін салтанатты шараларға Төреғали Төреәлі шақырылмайтын болады".

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Төреғали Төреәлінің бір көрерменмен әдепсіз түрде сөйлескен видеосы талқыланып жатыр.

Казнет қолданушыларының пікірінше, әртіс өз аудиториясына сыйластық танытпаған. Шу көтерілгеннен кейін ол Instagram арқылы тікелей эфирде тыңдармандарына мән-жайды түсіндіруге тырысты. Ол залдағы белгілі бір азаматтың айғайы арқылы намысына тигендігін жеткізіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар, Төреәлі болашақта ол азаматты жолықтыратын болса, кешірім сұрайтындығына уәде берген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети